Created: 28 Наурыз 2026
11

Отбасы құндылықтары-ұлт негізі

Арал көпсалалы колледжінің 1 курс 42,43 топ жетекшілері Г.Утегенова,Р.Ешмұратова және оқу өндірістік шеберлері М.Еленов,Р.Усенов Наурыз мерекесі аясындағы Шаңырақ күніне орай ”Отбасы құндылықтары-ұлт негізі” тақырыбында ашық тәрбие сағатын ұйымдастырды.


Іс-шара барысында ата-аналар мен білім алушылар бірлесе отырып,қазақтың салт-дәстүрлерінен тағылымды көріністер көрсетті.Атап айтқанда шашу шашу,аластау,бесікке салу,сәбиді қырқынан шығару рәсімі және Қыдыр ата бейнесі сахналанып,олардың тәрбиелік мәні кеңінен ашылды.


Бұл көріністер арқылы жас ұрпақ ұлттық дәстүрлердің терең мағынасын түсініп,ата-бабадан қалған асыл мұраға деген құрметін арттырды.Ата-аналардың белсенді қатысуы іс-шараның мазмұнын байытып,ұрпақтар сабақтастығын айқын көрсетті.


Салт-дәстүр халықтың рухани қазынасы.Оны дәріптеу әрқайсымыздың міндетіміз!
Жылы атмосферада өткен кеш барша қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап,бірлік пен татулықтың маңызын тағы бір мәрте дәлелдеді