Created: 28 Наурыз 2026
14

18 наурыз – Ұлттық киімдер күні

18 наурыз – Ұлттық киімдер күні Наурызнама онкүндігі аясында Арал көпсалалы колледжінің студенттері мен оқытушылары орталық алаңда ерекше рухани іс-шара өткізді. Ұлттық құндылықтарды дәріптеу мақсатында әсерлі көрініс көпшілік назарына ұсынылды. Іс-шара барысында қатысушылар ұлттық киімдер киіп, олардың мән-маңызы мен ерекшеліктерін көрсетті. Әсем нақыштағы камзолдар, шапандар мен сәукелелер сахна сәнін кіргізіп, көрермендерге ерекше әсер сыйлады. Ұлттық киім – халқымыздың тарихы мен мәдениетінің айнасы. Осындай тағылымды шаралар арқылы жастардың ұлттық сана-сезімі артып, дәстүрге деген құрметі нығая түсетіні анық.