Құрметті әріптестер, студенттер және ата-аналар!
Сіздерді Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл күн – жаңару мен жаңғырудың, береке мен бірліктің, ізгілік пен мейірімнің мерекесі.
Көктемнің шуақты сәтімен бірге әр шаңыраққа шаттық, ырыс-несібе, денсаулық пен амандық тілеймін. Жаңа жыл сіздерге толағай табыс, биік жетістіктер мен жарқын мүмкіндіктер әкелсін!
Білім ордамызда әрдайым татулық пен ынтымақ орнап, студенттеріміз білім мен ғылым жолында жаңа белестерді бағындыра берсін!
Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!
Наурыз құтты болсын!
Құрметпен,
Арал көпсалалы колледж директоры
Әбішов Нұралы Қалиұлы
Created: 28 Наурыз 2026
16


