Created: 07 Сәуiр 2026
4

Құрылыс саласы бойынша облыстық кәсіби шеберлік байқауы өтті

Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары педагогтері арасында құрылыс саласы бойынша облыстық кәсіби шеберлік байқауы өтті
Қызылорда облыстық оқу орталығы ұйымдастыруымен Арал көпсалалы колледжі базасында құрылыс саласы бойынша республикалық байқаудың облыстық кезеңі өтті. Байқауда қатысушыларға «Сәндік қабырғаны қалау» модулі бойынша тапсырмалар берілді.
Аталған байқауда колледжіміздің арнайы пән оқытушысы Тұрахметов Наурыз жүлделі III орынды иеленді.
Жеңімпаз Қызылорда облысының білім басқармасы мен Қазақстандық оқу-ағарту және жоғары білім қызметкерлері салалық кәсіптік одағының Қызылорда облыстық ұйымының дипломымен және бағалы сыйлықпен марапатталды.
Бұл жетістік – кәсіби шеберлік пен табандылықтың, үздіксіз ізденістің нәтижесі.
Ұстазымызды шын жүректен құттықтай отырып, алдағы уақытта да биік белестерден көріне беруіне тілектеспіз!