Көлік саласы бойынша өткен студенттер арасында облыстық кәсіби шеберлік байқауы қатысушылардың теориялық білімі мен тәжірибелік дағдыларын көрсетуге мүмкіндік берді. Байқау тапсырмалары автокөлікке техникалық қызмет көрсету және жөндеудің бес бағытын қамтыды:
WorldSkills стандарттарына сәйкес бағалау парағын әзірлеу;
жеңіл автомобильдің беріліс қорабына техникалық қызмет көрсету және жөндеу;
қозғалтқыш ақауларын анықтау және оны іске қосу;
тежегіш жүйесін диагностикалау және жөндеу;
автомобильдің электр жабдықтарындағы ақауларды анықтау және жою.
Тапсырмаларды орындау кезінде жұмыстың сапасына, құралдарды дұрыс қолдануға, жұмыс орнын ұйымдастыруға және қауіпсіздік талаптарын сақтауға мән берілді.
Байқау қорытындысы бойынша студентіміз Серикбай Ибрахим жүлделі ІІ орын иеленді!
Жетекшісі — Каленов Қыдырбай.
https://aral-akk.edu.kz/kz/2019-02-15-12-26-50/2019-02-15-12-27-42/573-k-lik-salasy-bojynsha-oblysty-k-sibi-sheberlik-baj-auy#sigFreeId8578e8dc69

