Арал көпсалалы колледжінің кітапханасында қазақ поэзиясының жарық жұлдызы Қасым Аманжоловтың 115 жылдығына арналған "Өлең - ерлік рухы" поэзия кеші және "Мен кітаппен әлемді ашамын" библиографиялық ойыны жоғары деңгейде өтті.
Кеш барысында ақынның өмірі мен шығармашылығынан сыр шертіліп, "Дауыл", "Бикеш", "Туған жер" сынды өлеңдері мәнерлеп оқылды. Студенттер ақын мұрасына деген сүйіспеншіліктерін өлең арқылы жеткізді.
28 жыл ғана өмір сүріп, мәңгілік мұра қалдырған Қасым - ұлтымыздың мақтанышы!
https://aral-akk.edu.kz/kz/2019-02-15-12-26-50/2019-02-15-12-27-42/574-le-erlik-rukhy#sigFreeId520067fd6d

