Created: 19 Қараша 2026
3

Республикам менің,мақтанышым,мерейім!

Арал көпсалалы колледжінің тарих пәнінің оқытушысы А.Қожамсүгірованың ұйымдастыруымен 25 қазан-Республика күніне орай 1-курс студенттерінің қатысуымен “ Республикам менің,мақтанышым,мерейім!” тақырыбында тағылым сағаты өткізілді.
Іс-шараның мақсаты-студенттердің бойында отансүйгіштік сезімді қалыптастыру,ел тарихына деген құрметін арттыру және ұлттық құндылықтарды дәріптеу.
Тағылым сағаты барысында Республика күнінің тарихи маңызы туралы айтылып,студенттерге тақырыпқа байланысты сұрақтар қойылды.Студенттер қойылған сұрақтарға жауап беріп,өз ойларымен бөлісті.Іс-шара барысында еліміздің тарихы,тәуелсіздігі мен болашағы туралы танымдық әңгіме өрбіді.