Created: 19 Қараша 2026
2

Ұйымшылдық пен қайырымдылық қасиеттерін қалыптастыру мақсатында “Күзгі асар” жәрмеңкесі ұйымдастырылды

“Адал азамат” біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында колледжімізде ұлттық құндылықтарды дәріптеу,студенттердің бойына еңбекқорлық,жауапкершілік, ұйымшылдық пен қайырымдылық қасиеттерін қалыптастыру мақсатында “Күзгі асар” жәрмеңкесі ұйымдастырылды.
Аталған игі шараға 46 топ студенттері топ жетекшісі З.Тажибаеваның ұйымдастыруымен белсене қатысып,өздерінің ұйымшылдығы мен шығармашылық қабілеттерін,іскерлігі мен белсенділігін жоғары деңгейде көрсетті.
Берекелі күздің сыйын көпшілікке ұсынған студенттеріміз түрлі дәмді тағамдар мен күзгі өнімдерді әзірлеп, жәрмеңкенің сәнін келтірді.”Асар”халқымыздың ежелден келе жатқан ізгі дәстүрі.Оның түпкі мәні-бір-біріне қолдау көрсету,ортақ іске жұмылу,еңбекке баулуды үйрету.
Осындай тәрбиелік мәні зор шарада студенттер өздерінің белсенділігімен,ұйымшылдығымен көзге түсті.Ал топ жетекшісі З.Тажибаева студенттерін ортақ мақсатқа бірауыздан жұмылдырып,олардың бойындағы жауапкершілікті арттыруға үлес қосты.
Тәрбие мен тағылымды ұштастырған осындай игі бастамалар білім алушылардың бойында адалдық,еңбекқорлық,отансүйгіштік және адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруға жол ашады.
Топ жетекші З.Тажибаеваға, белсенділік көрсеткен студенттерге алғысымызды білдіреміз! Еңбектеріңіз жемісті,бастамаларыңыз сәтті,алар асуларыңыз биік болсын!