Created: 19 Қараша 2026
2

Арал көпсалалы колледжінде «АДАЛ АЗАМАТ»

Арал көпсалалы колледжінде «АДАЛ АЗАМАТ» біртұтас тәрбие бағдарламасы мен «ЗАҢ мен ТӘРТІП» қағидатын нығайту мақсатында «Құқық бұзушылықтың алдын алу», «Дроппер», «Жолдағы қауіпсіздік», «Есірткінің зияны», «Буллинг», «Кибербуллинг», «Түнде беймезгіл уақытта жасөспірімдерді қадағалау» тақырыптарында кең көлемде түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Кездесуге Арал АПб бастығының орынбасары полиция подполковнигі Лекеров Талғат Шоқанұлы, Арал АПб ҚҚб ЮПт УПИ-ры полиция аға лейтенанты Ұзақбаев Жанәділ Ұзақбайұлы және Арал АПб ҚҚб ЮПт УПИ-ры полиция аға лейтенанты Ерекеев Булат Абуталиповичтер қатысып, студенттерге аталған тақырыптар бойынша нақты мысалдар келтіріп, жастарға денсаулыққа кері әсер ететін зиянды әдеттерден аулақ болуға, интернет қауіпсіздігі мен буллинг пен кибербуллингтің алдын алу бағытында ақпараттар беріп, түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар нашақорлықтың салдарынан қылмыстық жауапкершілікке тартылатыны жайында айтылды. Соңғы уақытта жастар арасында алаяқтықпен яғни дропперлік айналысатындар жиілеп кездесетінін, ондай әрекеттерден аулақ болуын, құқық бұзушылық пен әрбір қылмыстың арты жаза екенін ескертіп, тәртіп сақтап, жақсы оқып, болашақ мықты азамат болуларына тілектестіктеріи білдірді.