Created: 19 Қараша 2026
4

Педагогтерді аттестаттау: пилоттық жоба бойынша түсіндіру жұмысы

Бүгін Арал көпсалалы колледжінде №159-НҚ бұйрық аясында педагогтерді аттестаттаудың пилоттық жобасы бойынша әдістемелік түсіндіру жұмысы өтті. Колледж әдіскері Г. Нұрымбетова педагогтерге пилоттық жобаның мақсаты, өткізілу тәртібі және аттестаттау кезеңдеріне дайындық туралы ақпарат берді.
Іс-шара барысында ПББ тапсырмай аттестаттаудан өтудің ерекшеліктері түсіндіріліп, «Ұстаз» ұлттық платформасындағы кәсіби цифрлық профильді толтыру және қажетті құжаттарды жүктеу реті көрсетілді. Сонымен қатар, бағалау парағы мен сабақты бақылау парақтарына қойылатын талаптар талқыланды.
Педагогтер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, құжаттарды рәсімдеу мен сабаққа дайындық бойынша әдістемелік кеңес алды. Мұндай түсіндіру жұмыстары ұстаздардың аттестаттау талаптарын дұрыс түсініп, жүйелі түрде жұмыс жасауға көмектеседі.