Created: 20 Қараша 2026
6

Аграрлық білім беру бағытында бірлескен жұмыстар жоспарланды

Арал көпсалалы колледжінің әдіскері Нурымбетова Гулнар Бахытханқызы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті Инженерлі-технологиялық институтының Аграрлық технологиялар білім беру бағдарламасының аға оқытушысы, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты Нұрымова Раушан Дүйсенқызымен Zoom платформасы арқылы әңгімелесті.
Әңгіме барысында колледждегі ауыл шаруашылығы мамандығы бойынша білім алушылардың кәсіби дайындығы, оқытушылардың тәжірибе алмасуы және бірлескен жұмыс жүргізу мүмкіндіктері талқыланды. Раушан Дүйсенқызы университеттегі аграрлық бағыттағы оқу бағдарламалары мен студенттерге ашылатын мүмкіндіктер туралы қызықты әрі пайдалы ақпарат берді. Сондай-ақ колледж студенттерінің Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінде оқуын жалғастыруға қызығушылығын арттыру және олармен кәсіби бағдар беру жұмысын жүргізу мәселелері сөз болды.
Тараптар алдағы бірлескен жұмыстарды жоспарлап, колледж және университет оқытушыларының қатысуымен кіріктірілген сабақтар, тәжірибе алмасу және студенттерге арналған танымдық кездесулер ұйымдастыру жөнінде пікір алмасты.