Created: 30 Қараша -0001
6

«STUDENT FEST – 2026»: СТУДЕНТТІК ӨМІРГЕ ҚОШ КЕЛДІҢІЗДЕР!

Арал көпсалалы колледжінде Жастар ісі жөніндегі комитеттің төрайымы Ұ. Ережепова мен Студенттік парламенттің ұйымдастыруымен бірінші курс студенттерін студенттер қатарына қабылдауға арналған «Student Fest – 2026» мерекелік шарасы жоғары деңгейде өтті.

Студенттік өмірге алғашқы қадам басқан жас буын үшін ерекше қуанышқа толы кештің шымылдығын колледж директорының тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары Б. Айдилдаев ашып, студенттерді мерекемен құттықтады. Жастарға ақжарма тілегін арнап, білім жолында биік белестерді бағындыруына тілектестігін білдірді. Сонымен қатар колледждің қоғамдық өміріне белсене араласып, түрлі іс-шараларда көзге түскен студенттер марапатталды.
Мерекелік шараға студенттердің ата-аналары да қатысып, жүрекжарды тілектері мен ақ баталарын арнады. Балаларының жаңа өмір кезеңіне қадам басқан сәтіне ортақтасып, оларға деген мақтаныштары мен ізгі ниеттерін жеткізді.
Кеш барысында әсем ән әуелеп, мың бұралған би көрермен көңілін көтерді. Ұстаздар да ортақ мерекеден шет қалмай, белсенділік танытып, студенттермен бірге шаттыққа толы сәттердің куәсі болды.
Алғашқы курс студенттері үшін бұл күн жаңа достықтың, жаңа мүмкіндіктердің және қызықты студенттік шақтың бастауына айналды.

Студенттік шақ – адам өміріндегі ең жарқын әрі қайталанбас кезең! Әрбір студенттің арманы асқақ, қадамы нық, болашағы жарқын болсын! Білім жолындағы сапарларыңыз сәттілік пен толағай жетістіктерге толы болсын!