Created: 20 Қараша 2026
4

Арал көпсалалы колледжі «Флористика»

Арал көпсалалы колледжі «Флористика» құзыреттілігі бойынша WorldSkills Kazakhstan 2026 чемпионатына қатысады!
23–30 қараша аралығында Астана қаласында өтетін XI Республикалық WorldSkills Kazakhstan 2026 чемпионатында Арал көпсалалы колледжінің студенті Орынбаева Еркеназ Еркінқызы «Флористика» құзыреттілігі бойынша бақ сынайды. Колледждің өндірістік оқыту шебері Мәмбетова Дәметкен сарапшы ретінде қатысады.
Еркеназға шығармашылық қабілеті мен кәсіби шеберлігін жоғары деңгейде көрсетіп, үздік нәтижеге жетуін тілейміз! Сарапшымыз Дәметкенге жауапты жұмысына табыс тілейміз.
Еркеназ, сәттілік пен жеңіс тілейміз!