🩺 «АИТВ инфекциясы: Қазақстан мен Қызылорда облысындағы эпидемиологиялық ахуал»
Арал көпсалалы колледжінде студенттер арасында АИТВ инфекциясының алдын алу, жұғу жолдары мен одан қорғану шаралары туралы ақпараттандыру мақсатында танымдық кездесу ұйымдастырылды.
Кездесуге дәрігер-инфекционист З. Алматова, мейіргер Н. Бекжанова, колледж мейіргері Г. Құрманиязова және Жастар ісі жөніндегі комитетінің төрайымы Ұ. Ережепова қатысты.
Кездесу барысында «АИТВ инфекциясы: Қазақстан мен Қызылорда облысындағы эпидемиологиялық ахуал» тақырыбында кең көлемде ақпарат беріліп, АИТВ инфекциясының таралу жолдары, алдын алу шаралары, сақтану әдістері туралы арнайы слайдтар көрсетілді.
Мамандар студенттерге маңызды мәліметтер ұсынып, АИТВ мен ЖИТС ұғымдарының айырмашылығын түсіндіріп, инфекцияның алдын алудағы жеке жауапкершіліктің маңыздылығына тоқталды.
Кездесу соңында студенттер өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, білікті мамандардан нақты әрі тұшымды жауаптар алды.
#АдалАзамат #СалауаттыӨмірСалты #АИТВныңАлдынАлу #АралКөпсалалыолледжі
https://aral-akk.edu.kz/kz/2019-02-15-12-26-50/2019-02-15-12-27-42/583-ahual#sigFreeIdae869f0a7c

