Астана қаласында «Talap» КЕАҚ ұйымдастыруымен техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының өкілдеріне арналған өңірлік семинар өтті. Семинарға Арал көпсалалы колледжінің директоры Н. Әбішов қатысты.
Іс-шара барысында 2026 жылғы білім беру бағдарламалары тізіліміне жүргізілген мониторинг нәтижелері қорытындыланды. Сондай-ақ бағдарламалардың сапасын арттыру, оларды кәсіби стандарттарға сәйкестендіру, микробіліктіліктерді енгізу, синхрондалған және арнайы білім беру бағдарламаларын әзірлеу мәселелері талқыланды.
Қатысушылар өзекті мәселелер бойынша пікір алмасып, тәжірибелерімен бөлісті және әдістемелік ұсынымдар алды. Семинарда айтылған ұсыныстар білім беру бағдарламаларын жетілдіруге және оларды еңбек нарығының сұранысына сай дамытуға бағытталған.


