Қызылорда облысы Арал көпсалалы колледжінде 13 ақпан 2019 жылы Кеңес әскерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 30жыл толуына орай әскери- спорттық бағдарламалар өткізілді.Бағдарлама аясында стол теннисінен қызметкерлер арасында сайыс, оқу топтары арасында шығармашылық сайыс өткізіліп, қорытындысы "Ауған жеріндегі отты жылдар" атты кешпен жалғасын тапты.Бұл кешке Арал қаласында тұратын Ауған соғысының ардагерлері Тойбазаров Төрехан, Жұбанов Болат, Есіркегенов Қуан ағалар мен Арал аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығының орынбасары Назаров Серікбай қатысып тағылымды естеліктерін айтты.Әскери-спорттық бағдарламаны бастауыш кәсіподақ ұйымы мен бастапқы әскери дайындық мұғалімі Б.Айдильдаев ұйымдастырды.Стол теннисінен жүлделі орын алған қызметкерлер бағалы сыйлықтармен марапатталды.Кеш соңында қонақтарға сый-сыйапат таратылды.