Created: 08 Маусым 2020
151

КОЛЛЕДЖДЕ СТУДЕНТТЕРГЕ АРНАЛҒАН EGOV.KZ НҮКТЕСІ АШЫЛДЫ.

КОЛЛЕДЖДЕ СТУДЕНТТЕРГЕ АРНАЛҒАН EGOV.KZ НҮКТЕСІ АШЫЛДЫ. Аталмыш орталықта білім алушылар egov.kz порталы арқылы қажетті анықтамаларды колледж қабырғасында жүріп алуға мүмкіндігі туып отыр.Портал нүктесінің ашылуына аудандық жастар ресурстық орталығының директоры Ә.Ізбасаров, "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ Қызылорда облысы бойынша филиалының Арал аудандық бөлімінің IT маманы А.Бисеналиева мен Арал көпсалалы колледжінің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ж.Орынбаев қатысты.Ашылу салтанаты барысында А.Бисеналиева студенттерге портал жұмысымен таныстырып, telegram бот арқылы, egov жүйесі арқылы анықтамаларды алу бойынша ақпарат беріп өтті.