Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың өткен жылғы 5 қазандағы Жолдауында 2019 жылды – Жастар жылы деп жариялаған болатын. Президент әрдайым жастардың бүгіні мен болашағына қамқорлық жасауды өз саясатының мәні деп санайды.
Осы орайда, Арал көпсалалы колледжінде Жастар жылының ашылу салтанаты болып өтті. Жиынға аудандық жастар ресурстық орталығының директоры Ә.Ізбасаров, жастар ресурстық орталығының маманы Д.Меңдібаев, Арал индустриалды-техникалық колледжінің жастар ісі жөніндегі мамандары Г.Қангереева мен Г.Адаева, колледж директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ж.Орынбаевтар қатысты.
Шара барысында қонақтар өз ойларын ортаға салса, колледж қабырғасында білім алушы студенттер пікірлерін ортаға салып, ағымдағы жылы атқарылатын кешенді жоспарымен таныстырып өтті.
https://aral-akk.edu.kz/kz/2019-02-15-12-26-50/2019-02-15-12-27-42/92-kolledzhde-zhastar-zhylyny-ashylu-saltanaty-bolyp-tti#sigFreeId6b072a42a8