Елбасының қолдауымен 2016 жылдан бері «Алғыс айту» күнітойлануда.
Осы орайда Арал көпсалалы колледжінің биылғы бітіруші түлектері №90 Электромонтер оқу тобының студенттеріұйыстарған «Алғыс айту-имандылық белгісі»кеші болып өтті. Көңілді кеште топ студенттері ата-аналарымен бірлесе отырып, білім ордасына деген, білім нәрімен сусындатқан ұстаздарына өз ризашылықтарын білдірді. Үш жыл бойы топқа жетекшілік еткен,балаларымен бірге жүріп тәлім –тәрбие берген топ жетекшісі Ғ.Жүсіповаға алғыстарының шексіз екенін айтты.Мамандық алуға баулып, өндірістік сабақтарды ұйымдастырған шеберлеріне тілек білдірді. Аудандық мәдениет үйінен қонақтар келіп, кеш соңы концерттік бағдарламаға ұласты. Ауданымызға танымал әншілер, республикалық байқаудың лауреаты С.Көлбай, облыстық байқаулардың лауреаттары Қ.Аманова, С.Өмірзақова, С.Дінжановаәсем әндерімен көптің көңілінен шықты.Колледждің ұлағатты ұстаздары Н.Көптілеуова, Р.Ибрашова, Б.Әйділдаев, колледж әдіскері А.Баймбетова студенттерге таудай талап пен қажымас қайрат тіледі. №90 оқу тобыныңүлкен - кішіге деген сүйіспеншілігі, сыпайылық қарым – қатынасы,әдептілікке, кішіпейілділікке, ізеттілікке тәрбиеленген студенттердің ризашылық кеші өмірдің әрбір сәтін бағалай білуге,жақын адамдарға қайырымдылық пен риясыз махаббатысезіндіргендей болды.