Created: 08 Маусым 2020
135

Наурыз мейрамы

20 наурыз 2019 жылы Қызылорда облысы Арал қаласындағы Арал көпсалалы колледжінде бастауыш кәсіподақ ұйымыныңжәне колледж әкімшілігінің ұйымдастыруыменНаурыз мерекесі тойланды.

Мереке барысында ұлттық, спорттық ойындар «Арқан тарту»,«Сақина салу», «Аударыспақ» , «гір көтеру» сайыстарыойналды. Сайыс жеңімпаздарына марапаттар мен сыйлықтар табысталды. «Наурыз көже» таратылып,көженің батасын колледж ақсақалыҚ. Кенжалиев берді.Үлкен ас беріліп, колледж апайлары мен ағайлары жастарға Наурыз мейрамының тарихы мен көжені даярлау жолы, әшекей бұйымдар, салт-жоралғылар және ырымдар жайлы тағылымды әңгімелер айтып берді. Жастар түрлі ойындар ойнатып, әнмен шашу шашты. Қыз бен жігіт айтысында Б. Айдилдаев пен К.Набиева ұжымның көңілінен шыға білді.Мереке соңында директордың міндетін атқарушы Е. Садақбаев пен бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Г. Абишева ұжымға тілектерін айтып, мерекені ұйымдастырушыларға рахметтерін білдірді. Мереке ары қарай ән кешіне ұласты.