Облыстық оқу орталығы (әдістемелік кабинет) және Көпсалалы «Ұлағат Қызылорда» колледжі ұжымы бірлесе отырып, 2019 жылы ҚР тұңғыш призидентінің «Болашаққа бағдар: «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында Қазақ халқының «Үш бәйтерек» деп атап кеткен Ілияс Жансүгіров, Сәкен Сейфуллин, Бейімбет Майлиннің туғанына 125 жыл толуына орай «Үш бәйтерек, үш діңгек: Сәкен, Ілияс, Бейімбет» тақырыбында техникалық және кәсіптік білім беретін орындарының білім алушылар арасында облыстық ғылыми – теориялық конференция ұйымдастырды. Бұл конференцияға Арал көпсалалы колледжінің І курс студенті Амангельдиева Сәния қатысты. Бірінші кезеңде С.Амангельдиева Сәкен Сейфуллиннің өмір жолы мен шығармаларынан мәлімет жасап, Үш бәйтеректің қазақ әдебиетінде алатын орнына қысқаша тоқталып, Сәкен Сейфуллиннің «Көкшетау» поэмасын қорғап екінші кезеңге өтті. С.Амангельдиева өзінің озық ойлы, алғыр мінезімен С.Сейфуллиннің «Европа» өлеңін жатқа оқып, 16 қатысушылардың арасынан топ жарып 1орынды иеленді.
Бұл сайыста қазылық еткен «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы АҚ Қызылорда облысы бойынша педогогикалық қызметкерлерді біліктілігін арттыру институтының аға оқытушысы О.Орманов, облыстық білім басқармасы облыстық оқу орталығының бас маманы Ұ. Танманбет, қалалық мәдени тілдерді дамыту бөлімінің қызметкері Ә.Алдажаров , Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының қызметкері С.Оспанова қазылық жасап, әділ бағаларын берді. Қазылар алқасы талапқа сай, жоғары деңгейде өткен бұл конференцияда жастарды ұлы тұлғалардың өмірі мен шығармашылығын жете меңгеріп, халыққа жасаған игі істерін үлгі тұтуға шақырды.
Арал көпсалалы колледжі директорының міндетін атқарушы Е.Садақбаев колледждің үздік студенті С.Амангелдиева мен осы сайыста жетекшілік еткен колледж кітапханашысы Б.Махамбетованың шығармашылық ізденістері мен жетістіктеріне табыс тіледі.
Арал көпсалалы колледжі кітахана оқырмандарының арасында Қазақ поэзиясының Хантәңірі ақиық ақыны Мұқағали Мақатаевтың туған күніне арналған «Мұқағали – мәңгілік жыр» атты әдеби сазды кеш ұйымдастырылды.
Оның өлеңдерінің тілі жеңіл, көңілге қонымды, әрі қарапайым. Мұқағали қолданған сөздер мен сөз тіркестерінің мағыналары, қызметтері бір-бірімен жымдасып, біртұтас күйге енді. Мүмкін сондықтан болар ақынның өлеңдерінің көркемділігімен, бейнелігімен, мағына дәлдігімен және эстетикалық жағынан әсерлігімен ерекшеленіп тұрады.
Пушкин туралы орыстың атақты сазгері П.И. Чайковский «Пушкин өлеңіне музыка жазудың қажеті жоқ. Оның өлеңдерінің өзі музыка», - деген екен. Осы сөзді Мұқағалиға да қарата айтуға болады. Концерт тыңдауға барсаң да, теледидар мен қазақ радиосының құлағын бұрай қалсаң да, Мұқағалидың сөзіне жазылған неше түрлі әсерлі әндерді тыңдап, жаның рахатқа бөленеді. Бұл ақын өлеңдерінің әуезділігі мен тартымдылығының және тіл шеберлігінің дәлелі болса керек. Осы орайда 95-топ студенті Ермекбаев Берікбол ақынның сөзіне жазылған «Сенің көзің» әнін орындады. Колледж студенттері көрермендерді Мұқағалидың өлең-жырларымен тамсандырды.
Колледж кітапханашысы Б.Махамбетованың ұйымдастыруымен «Заң сөйлесін!» тақырыбында кеш ұйымдастырды. Кеш қонағы Арал аудандық сотының төрайымы Садуақасова Камшат Әшімқызы студенттерге қоғамда нашақорлыққа, маскүнемдікке, жыныстық қатынасқа, зорлық-зомбылық фактілеріне төзбеушілікті қалыптастыру, шешу жолдарын талқылау, құқық бұзушылықтың алдын алу шаралары туралы айтып өтті. Студенттер сот төрайымына көкейдегі көптеген сұрақтарын қойып, өзара пікір алмасты.
Іс-шараға қатысушылар сот төрайымына алғыстарын айтып, кездесудің қызықты әрі пайдалы болғанын айтты.
Елімізде Шығыс пен Батыстың мәдениетін, өркениетін жетік білген дара тұлға Абайдың 175 жылдығы қарсаңында ұлы ақынның өлеңдерін жатқа оқу эстафетасы басталғаны белгілі. Мемлекет басшысы Абай өлеңдерін оқу эстафетасын білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовке, мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұловаға және бүкіл әлемді мойындатқан талантты әнші Димаш Құдайбергенге жолдаған болатын.
Эстафетаның мақсаты - қазақтың ұлы ақынының шығармаларынан үзінді оқу.
Біздің колледждің белсенді студенттері де Амангелді Сания мен Жолдас Аружан Жастар ресурстық орталығының директоры
қабыл алып,
студенттеріне эстафетаны жолдайды.
МЕН БАТЫРДЫҢ ҰРПАҒЫМЫН
1-курс студенті Әзизуллаев Бақдаулет өз атасының ерлігі туралы
#Qzobirgemiz, #Jenis75qzo, #Meninmaqtanyshym, #Bilimqzo, #Bizbirgemiz
Жалпы және техникалық білім беру ұйымдарының оқушылары мен студенттері арасында «Жау жүрек полк» (Бессмертный полк) такырыбында ҰОС ардагерлерінің ерліктерін насихаттау бойынша қашықтықтан облыстық бейнеролик конкурсында III орын алғаны үшін 1-курс студенті Әзизуллаев Бақдаулет өз атасының ерлігі туралы баяндап марапатталды.