Created: 20 Ақпан 2024
35

📚 "Оқуға құштар колледж " жобасын іске асыру мақсатында 📖 14 ақпан Халықаралық кітап сыйлау күніне орай колледж кітапханасында "Сүйіспеншілікпен кітап сыйла..." тақырыбында акция өткізілді.

📌Мақсаты: Ақын - жазушылардың шығармаларын насихаттау, кітапханаға оқырман тарту, кітап қорын молайту.
Акция барысында студенттерге құнды қазынаға бай кітапхана үшін үлкен сыйлық - кітаптар сыйлаудың маңызы түсіндіріліп, игілікті іске үлес қосу - сауапты іс екендігі айтылды. Кітап оқу арқылы адам рухани дами түсетіндігі, кітапхананың кітап қорын әдебиеттермен толықтыру, студенттер мен кітапхана арасын нығайтудың маңызы сөз болды.
Сонымен қатар, кітапханаға тарту етілген кітаптарды қарап шығуға арналған көрме ұйымдастырылып, шараға атсалысқан ардагер, кітап сүйер оқырман Сағынай Әдішов өзінің оқыған кітаптарынан 10 кітап сыйға тартты.
Ұйымдастырушы колледж кітапханашысы Б.Махамбетова