📚Бүгін 9 ақпанда ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай кітапханашы Б. Махамбетованың ұйымдастыруымен, өз заманында лайық бағасын ала алмаса да өзінен кейінгілер үшін мәртебесі биік ақынның шығармаларын насихаттау мақсатында колледж студенттері ақынның өлеңдерін жырлады. Студенттер поэзияның қайнар көзі, шабыт тұғыры туған елі, өскен жері, Отан тағдыры, замана тынысы, замандастарының арман аңсарын жырлады.
📚Мұқағали жас дарынға тән қайталанбас шеберлікпен, тәңірдің таңдайынан төгілгендей поэтикалық мінсіз үйлесіммен, әр жүрекпен тіл табысар сыршыл да шыншыл сезіммен, нағыз поэзияға ғана тән бейнелі образдармен бедерлеп, өлмес өнер деңгейінде туындатып отырған жыр алыбы ретінде, жас буынның мәңгі жүрегінде.
Created: 20 Ақпан 2024
33