"ТҮНГІ ҚАЛАДАҒЫ БАЛА" рейдіне қатысты.
"ТҮНГІ ҚАЛАДАҒЫ БАЛА" рейдіне қатысты.
Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу мақсатында ағымдағы жылдың 8 сәуірінде Арал көпсалалы колледжі мен Арал индустриалды – техникалық колледж басшылары мен оқытушылары аудандық полиция бөлімінің өкілдерімен бірлесіп, түнгі уақытта көңіл көтеретін орындарға, кафелерге, жастар көп шоғырланатын орындарға кешкі және түнгі уақытта «Түнгі қаладағы балалар» рейдіне қатысты.
Шараның негізгі мақсаты – жасөспірімдер арасындағы қылмыстың алдын алу және жолын кесу, балалар және жасөспірімдердің заңды өкілдерінсіз түнгі уақытта тұрғын үйден тыс орындарда болу фактілерін анықтау. Түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, олардың құқықтық сауаттылығын арттыру. Алдағы уақытта осындай іс - шаралар өз жалғасын табатын болады.